Қостанай облысында Қызыл кітапқа енген сирек қызғалдақ гүлдеді

АСТАНА. KAZINFORM – Қостанай облысының далалы аймақтарында Қызыл кітапқа енген сирек қызғалдақ түрі гүлдеді.

Редкий краснокнижный тюльпан зацвел в степях Костанайской области
Фото: nauruzum_gpz / instagram

Наурызым мемлекеттік табиғи қорығының мәліметінше, бұл нәзік өсімдік төмен қарай иілген гүлдерімен ерекшеленеді және табиғатта сирек кездесетін түрлердің қатарына жатады.

Мамандардың айтуынша, қызғалдақ далалық және шөлейт аймақтарда өседі және ерте көктемде гүлдеп, табиғи ландшафтқа ерекше көрік береді.

Редкий краснокнижный тюльпан зацвел в степях Костанайской области
Фото: nauruzum_gpz / instagram

– Бұл өсімдік мемлекет қорғауында. Сондықтан оны жұлуға қатаң тыйым салынады, – деп ескертті экологтар.

Сарапшылар тұрғындарды табиғатқа ұқыпты қарауға және сирек кездесетін өсімдік түрлерін сақтауға шақырды.

Редкий краснокнижный тюльпан зацвел в степях Костанайской области
Фото: nauruzum_gpz / instagram

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысының тау бөктерлерінде Грейг қызғалдағы жаппай гүлдегені хабарланған.