Қостанай облысында құрылыс талаптарын бұзған компаниялар жауапкершілікке тартылды

ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM - Қостанай облысының прокуратурасы құрылыс қызметін жүзеге асыру кезінде жекелеген құрылыс компанияларының біліктілік талаптарына сәйкес келмеу фактілерін анықтады.

Қостанай облысында құрылыс талаптарын бұзған компаниялар жауапкершілікке тартылды
Фото: ҚР Бас прокуратурасы

Тексеру арқылы меншік немесе жалдау құқығында өндірістік базалар болмаған кезде қызметті жүзеге асыратын 200-ден астам лицензиат, сондай-ақ бірыңғай біліктілік талаптарында көзделген аттестатталған инженерлік-техникалық қызметкерлер анықталды.

Қабылданған шаралар аясында 64 лицензиатқа қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 464-бабы бойынша хаттамалар жасалды. Істерді қарау нәтижесінде 17 компания жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 3,4 млн теңге көлемінде айыппұл салынды, 16 лицензияның қолданылуы уақытша тоқтатылып, 2 лицензияның қолданылуы тоқтатылды.

Айта кетелік Түркістан облысында интернет-алаяқтарға ұрынғандар 1,6 млрд теңгесінен айырылған.

Соңғы жаңалықтар