Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қостанай облысында Sim-Box арқылы алаяқтарға көмектескен жігіт сотталды

АСТАНА. KAZINFORM – Қостанай облысының Рудный қаласында Sim-Box құрылғысын пайдалану арқылы қылмыстық схемаға қатысқан 22 жастағы тұрғынға сот үкімі шықты.

Не передавать аккаунты и sim-карты третьим лицам призвали в МВД РК
Фото: freepik.com

Тергеу барысында сотталушының Telegram мессенджері арқылы байланысқан белгісіз адамдардың нұсқауымен Sim-Box құрылғысын, ноутбук, роутер және ұялы байланыс операторларының SIM-карталарын сатып алғаны анықталды. Кейін жабдықты іске қосып, үшінші тұлғалардың оған қашықтан қол жеткізуіне мүмкіндік берген.

Sim-Box құрылғысы абоненттік нөмірлердің сәйкестендіру деректерін өзгертуге мүмкіндік береді және көбіне телефон арқылы жасалатын алаяқтық пен басқа да заңсыз әрекеттерде қолданылады.

«Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінді. Рудный қалалық сотының үкімімен ол Қылмыстық кодекстің 213-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, бір жыл мерзімге пробациялық бақылау белгілене отырып, бас бостандығын шектеу жазасына сотталды», – деп хабарлады прокуратура.

Прокуратура азаматтарға SIM-карталарды сатып алу, арнайы жабдықты орнату және оған белгісіз адамдарға қолжетімділік беру арқылы жүзеге асырылатын «жеңіл табыс» схемаларына қатысу қылмыстық жауаптылыққа әкелетінін ескертті.

Айта кетейік, алаяқтар қолды қылған қаражатты заң бойынша қалай қайтаруға болатынын мынау сілтемеден оқи аласыз.