Қостанай облысында суға кеткен көліктен үш адамның денесі шығарылды
ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM — Қостанай облысы Амангелді ауданында көліктің өзенге түсіп кетуі салдарынан үш адам, оның ішінде бір бала қаза тапты. Мәйіттер іздестіру-құтқару жұмыстары барысында табылды.

Қостанай облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі нақтылағандай, 10 шілдеде Амангелді ауданына қарасты Қарынсалды ауылы маңында бірнеше адам өлімі тіркелген жол-көлік оқиғасы болды. Алдын ала мәлімет бойынша, жеңіл автокөлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік Қарынсалды өзеніне түсіп кеткен.
Куәгерлердің айтуынша, көлікте үш адам болған, олардың бірі — бала.
Оқиға орнына Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары, соның ішінде жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері шықты. Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында үш адамның да денесі табылып, судан шығарылды.
Ведомство атап өткендей, қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Бұдан бұрын Атырау облысындағы Махамбет ауданында бір ауылда тұратын 2 жасөспірім Жайық өзеніне батып кетті. Олар су айдынының рұқсат етілмеген тұсына шомылған.