Қостанай облысында ТЖД қызметкерлері шомылатын орындарға рейд жүргізіп жатыр

ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM - Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) қызметкерлері өңірдің акваторияларында рейд жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

рейд
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, мұндай операциялардың мақсаты-шомылу маусымында су айдындарында адам өлімінің алдын алу.

Іс-шаралар барысында күн сайын көптеген құтқарушылар мен техника жұмылдырылады.

Бұдан басқа, облыстың ТЖ қаупі жоғары түрлі аудандарында 7 мобильді құтқару бекеті белсенді жұмыс істейді.

Құтқарушылар акваторияны күзетеді, демалушылармен профилактикалық әңгімелер өткізеді, жадынамалар таратады және азаматтарды су айдындарындағы тәртіп ережелерімен хабардар етеді.

Соңғы жаңалықтар