Қостанай облысында жол апатынан екі адам мерт болды

ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM - Қостанай облысында екі жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан екі адам көз жұмды.

Два человека погибли в ДТП на трассе в Костанайской области
Фото: Қостанай облыстық ТЖД

Жол-көлік оқиғасы Қостанай – Әулиекөл – Сұрған тасжолында болған. Mazda мен Chevrolet Cobalt автокөліктері соқтығысқан.

Апат салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы үш адам түрлі дәрежеде дене жарақатын алды.

Оқиға бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазір апаттың мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Тергеу нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Сондай-ақ жол және ауа райы жағдайын ескеріп, қауіпсіз жылдамдықты таңдауға, арақашықтықты сақтауға және көлік тізгінінде барынша мұқият болуға кеңес берді.

Осыған дейін Павлодарда жол апатынан екі адам көз жұмғаны туралы жаздық.