Қостанай облысында жол жабылды

АСТАНА.KAZINFORM – ҚазАвтоЖол Қостанай облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.

автомобиль, туман, погода, выхлопная труба, дорога
Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform

Бүгін, 4 сәуір сағат 22:15-те ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі:

- «Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай- РФ шекарасы» автожолының 467-539 шақырым аралығы (Федоровка ауылынан Қостанай қаласына дейін);

- «Қостанай-Мамлютка» автожолының 330-402 шақырым аралығы (Мендіқара ауылынан Тобыл қаласына дейін).

Жолды 2026 жылы 05 сәуір сағат 06:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Айта кетейік, Ішкі істер министрлігі Мемлекет басшысының 2026 жылғы 30 наурызда Қауіпсіздік кеңесінің отырысында берген тапсырмасына сәйкес Алматы қаласында болған резонанстық жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жұмыстары күшейтілгенін мәлімдеді.