02:33, 12 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Қостанай облысында жұмысшыларды топырақ басып қалды: бір адам қаза тапты
АСТАНА. KAZINFORM — Қостанай облысында магистральді су құбырын жөндеу кезінде жұмысшыларды топырақ басып қалды. Салдарынан бір жұмысшы Рудный қаласының ауруханасында көз жұмды.

Оқиға 13 тамызда болған. Рудный қаласында апатты қалпына келтіру жұмыстары кезінде топырақтың бір бөлігі опырылып түскен. Нәтижесінде екі жұмысшы зардап шеккен.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, еңбек қауіпсіздігі ережесін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.
Қорытынды процессуалдық шешім тергеу нәтижесіне сәйкес қабылданатын болады.
Айта кетейік, Қостанайда бидай ұрлағандар серіктестікке 6,5 миллион теңге залал келтірді.