20:24, 09 Қараша 2025 | GMT +5
Қостанай облысындағы елді мекен шетінде жабайы қабан жүр
АСТАНА. KAZINFORM – Әлеуметтік желіде Қостанай облысындағы елді мекен көшелерінде жүгіріп жүрген жабайы қабанның бейнежазбасы тарады.
Жітіқара ауданының прокуратурасы хабарлағандай, оқиға шамамен үш апта бұрын болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жабайы аң елді мекен шетіне адасып кіріп кеткен болуы мүмкін.
- Сол күні жабайы қабан қайтадан далаға қуылды. Қазіргі жағдай тұрғындарға қауіп төндірмейді, - деп мәлімдеді ведомство өкілдері.
Еске сала кетейік, жабайы қабандар еліміздің Алтын-Емел, Бурабай секілді ұлттық табиғи парктерінде қарауға алынған. Кейде жабайы қабандар фототұзаққа түсіп қалады.