05:00, 17 Ақпан 2026 | GMT +5
Қостанай облысындағы түзеу мекемесінде жазасын өтеуші қайтыс болды
ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM — Қостанай облысындағы түзеу мекемесінде жазасын өтеуші көз жұмды. Оқиғаға байланысты тергеу басталды.
ҚР Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі ер адамның есірткі қылмысы үшін жазасын өтеп жатқанын хабарлады.
— Бұл оқиға бейнебақылау камерасына түскен. Қазір барлық мән-жайды анықтау мақсатында қызметтік тергеу жүріп жатыр, — делінген хабарламада.
Еске салайық, Абай облысындағы түзеу мекемесінде жанжал болып, бір сотталған көз жұмды. Бір камерада отырған екі сотталған арасында жанжал шыққан. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.