Қостанай облысындағы Жаман көлінде құстар жаппай қырылды: инспекция тексеру жүргізіп жатыр
ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM - Қостанай облысындағы Жаман көлінің жағалауынан суда жүзетін көптеген құстың өлексесі табылды. Құстардың жаппай қырылу себебі әзірге анықталған жоқ. Осыған байланысты құзырлы органдар тексеру жұмыстарын бастады.
Өлген құстардың бейнежазбасын облыстық басылымдар таратты.
Кадрлардан жағалаудың жекелеген учаскелерінде суда жүзетін құстардың өлекселері жатқанын көруге болады.
Қостанай облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мәліметінше, тиісті өтініш бүгін ғана түскен.
— Хат бүгін облыстық аңшылар мен балықшылар қоғамынан тіркелді. Осы мәселеге қатысты тексеру жүргізіледі, — деп хабарлады ведомство.
Мамандар суда жүзетін құстардың қырылу себептерін анықтап, оқиғаның көлдің ықтимал ластануына байланысты болған-болмағанын тексеруі керек. Тексеру нәтижесі кейінірек белгілі болады.
Олар құстардың жаппай қырылуына нақты не себеп болғанын анықтайды. Атап айтқанда, оқиғаның көлдің ықтимал ластануымен байланысты болуы мүмкін деген нұсқа да тексеріледі.
Тексеру нәтижесі кейін хабарланады.
Айта кетейік, жуырда ғалымдар қорықтағы аң-құстарға мониторинг жүргізді.