Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қостанай облыстық жер қатынастары басқармасының басшысына қатысты қылмыстық іс аяқталды

ҚОСТАНАЙ. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қостанай облысының жер қатынастары басқармасының басшысы Мереке Дихаев пен оның қарамағындағылар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, ал оларға қатысты іс тергеумен аяқталды.

Қостанай облыстық жер қатынастары басқармасының басшысына қатысты қылмыстық іс аяқталды

Қостанай облысы бойынша қаржы полициясы департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, шенеуніктер бюджет қаржысын жымқырды және қызмет бабын теріс пайдаланды деп айыпталды. Дихаевтан басқа аталған қылмыстық іс бойынша әкімшілік бөлімінің басшысы Павел Лагутин мен бас есепші Әлия Хамилина да күдікке алынды.

Жалпы, тергеу мәліметтері бойынша, олар жеке кәсіпкерлермен автогараждарды жалға беру қызметі бойынша келісімшарттар жасаған деп күдіктеліп отыр. Алайда жер комитеті мұндай қызметке мұқтаж болмаған, ал кәсіпкерлер ешқандай қызмет көрсетпеген. Олардың төлемақысы заңсыз түрде мемлекеттік мекеменің есебіне аударылып отырған.

Қылмыстық әрекеттердің салдарынан, мемлекетке 700 мың теңгеден аса зиян келтірілді. Қазіргі уақытта қызметтегі тұлғаларға айып тағылып, қылмыстық іс прокуратураға одан әрі сотқа жіберілуі үшін жолданды.