Қостанай облысы энергетика басқармасына жаңа басшы тағайындалды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облысы энергетика басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Жаңа басшысыны облыс активіне Архимед Мұхамбетов таныстырды.

Дәурен Қазизұлы Асқаров бұған дейін облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары болған.

Дәурен Асқаров 1986 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар.