Қостанай облысы қысқы кезеңге сақадай-сай әзір - облыс әкімі С.Кулагин
Әкім сондай-ақ Ресейден жеткізілетін табиғи газдың ескі және жаңа бағаларындағы айырмашылықты жабу үшін бюджеттік қаражат бөлу мәселесін шешуде көрсеткен көмегі үшін Үкіметке алғысын білдірді. Бұдан бұрын хабарланғанындай, оның құны 24 пайызға артты, Үкімет мемлекеттік коммуналдық газбен және жылумен жабдықтайтын кәсіпорындарға 659,9 миллион теңге бөлді. «Республикалық бюджеттен бөлінген осы қосымша қаражаттардың арқасында жаңа жылға дейін газға, жылу мен ыстық суға бағаны ұстап тұра аламыз», деп атап көрсетті С.Кулагин.
Әкімнің баспасөз қызметінің хабарлауынша, С.Кулагин аймақтардың коммуналдық төлемдерінің берешектерін айқындайтын өлшемдерді өзгерту жөнінде ұсыныс енгізді. Ол сондай-ақ егін жинау науқаны аяқталғанын, оның әр гектарынан 12,1 центерден өнім жиналғанын хабарлады. Облыс басшысы бүгінгі таңда шаруалардың басты проблемасын - жаңа егіннің астық сатуға «Азық-түлік корпорациясында» қаражат жоқ екендігін көтерді.