Қостанай облысынан шығып қалғанның депутаттың орнына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау өтті
АСТАНА. Сәуірдің 23-і. ҚазАқпарат - Бүгін, сәуірдің 23-інде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес, Қостанай облысынан шығып қалғандепутаттың орнына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау өтті, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясынан.
Ведомствоның ақпараты бойынша, сайлау науқаны барысында барлығы екі кандидат ұсынылды, оларды Қостанай облыстық сайлау комиссиясы сәуірдің 1-інде тіркеді. Тіркелген кандидаттардың аты-жөні сайлау бюллетеніне енгізілді.
Ал дауыс беру, дауыстарды санау мен нәтижелерін жариялауды Қостанай облыстық сайлау комиссиясы бір күн ішінде - сәуірдің 23-інде - жүргізді.
Қостанай облыстық сайлау комиссиясының алдын-ала мәліметтеріне сәйкес, сайлау өткізілген деп танылды. Таңдаушылардың сайлауға келуі - 95,7 пайызды құрады. Тізімге енгізілген 300 таңдаушының дауыс беруге 287-і немесе 95,7 пайызы қатысты.
Дауыс беру барысы мен дауыстарды санау рәсімін байқауды кандидаттардың 23сенім білдіріен адамдары, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктер мен БАҚ өкілдері іске асырды.
Алдын-ала мәліметтер бойынша, Жеңіс Мирасұлы Нұрғалиевке 265 таңдаушы немесе таңдаушылардың 92,7 пайызы дауысын берген, ал Асқар Аронұлы Мұратовқа 21 таңдаушы немесе олардың 7,3 пайызы дауысын берген. Бір сайлау бюллетені жарамсыз деп танылған.
Сайлау заңнамасына сәйкес сайлаудың түпкілікті қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы сәуірдің 29-ынан кешіктірмей шығарады және мамырдың 2-сінен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
Жалпы алғанда сайлау науқаны сайлау заңнамасы нормаларына сәйкес өтті. Орталық сайлау комиссиясына келіп түскен шағымдар мен өтініштер жоқ, деп хабарлады комиссияның баспасөз қызметінен.