Қостанай облысында 200-ден астам браконьер жазаланды

ҚОСТАНАЙ. 9 қазан. ҚазАқпарат - Қостанай облысында «Браконьер» операциясының нәтижесінде табиғатты қорғау заңдылығын бұзғаны үшін 204 адам жауапкершілікке тартылды, 1 қылмыстық іс қозғалды.
None
None

Табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері ұстаған браконьерлердің ішінде киіктерді заңсыз аулаған Жангелді ауданының тұрғындары да бар. Қамысты ауданында, «Шағаркөл» ЖШС аң шаруашылығының аумағында Қызыл кітапқа енген, құстардың сирек кездесетін түрі - барылдауық үйректерді өлтірген Рудный қаласының тұрғындары ұсталды.

ІІД баспасөз қызметінің берген мәліметтеріне сәйкес, аталмыш операцияны өткізу барысында 533 рейдтік шаралар жүргізілді, аң және балық аулау шаруашылықтарының аумақтарында 766 аңшы мен балық аулаушылар тексерілді.

Ағаштар пен көшеттерді заңсыз кескен 18 адамға айыппұл салынды, аң аулау ережесін бұзған 82 адам және балық аулау ережесін бұзған 68 адам жауапкершілікке тартылып, оларға айыппұл салынды. Сондай-ақ аңшылық қаруды сақтау мен алып жүру ережесін бұзған облыстың 36 тұрғыны жауапкершілікке тартылды.

Соңғы жаңалықтар