Қостанай облысында 300 мың теңге пара алған шенеунік ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар ұлттық бюросының Қостанай облысы бойынша департаменті Қарабалық ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Б.Сисеновты ұстады.

Қостанай облысында 300 мың теңге пара алған шенеунік ұсталды

«Оңай жолмен ақша таппақ болған Б. Сисенов аудан аумағындағы 3 құрылыс нысанын қолданысқа беру актілерін тіркеуі үшін жеке кәсіпкерден 300 000 теңге көлемінде пара алған. 

Лауазымды тұлға Рудный қ. ІІБ уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Ұлттық бюроның баспасөз қызметінен.