Қостанай облысында астық жинау науқаны аяқталды

Күрделі ауа райы жағдайларына карамастан, облыстың егіншілері 4 018 мың га алқаптан 5 млн. тонна астық жинай отырып, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосты, облыс бойынша егіннің орташа өнімділігі 12,4 ц/га құрады. Федоров ауданы (16,8ц/га,) Мендіқара, Сарыкөл және Ұзынкөл аудандары (15,8ц/га) шаруашылықтарында егін өнімділігі неғұрлым көбірек болды. Егін орағы науқанына дән жинайтын 12 мың комбайн, 3 мыңнан астам дестелегіш, 8,6 мың жүк автомобилі, 18,6 мың трактор тіркемесі және басқа да техника іске қосылды. Биылғы жылы облыс аграршылары өткен жылдардың тәжірибесін ескере отырып 4,5 млрд. теңгеден астам сомаға қосымша 259 трактор, 131 комбайн, 160 дестелегіш, 15 дән кептіргіш және басқа да көптеген ауылшаруашылық техникасын сатып алды. Сондай-ақ солтүстік өңірлердің шарушылықтарына көмек көрсету үшін егін жинауды аяқтаған оңтүстік аудандардан 200 комбайн әкелінді. Жиналған дәнді сақтау үшін жалпы сыйымдылығы 7,0 млн. тонна элеваторлық сақтау орындары мен ауылшаруашылық құрылымдарының астық қоймалары уақтылы дайындалды. Қазіргі уақытта облыстың элеваторларына 1 млн. 391 мың тонна жаңа астық, соның ішінде 1 млн. 208 мың тонна бидай түсті, оның 703 мың тоннасы немесе 58%-ы 3 класқа, 479 мың тоннасы немесе 40%-ы 4-5 класқа жатады. Алдағы жылғы егіске 548 мың тонна тұкым дайындалды. Картоп жинау да аяқталды. 3312 га алқаптан 57 мың тоннадан астам картоп жиналды, орташа өнімділігі -173 ц/га құрады.