Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қостанай облысында бидай егістігі өртеніп кетті

ҚОСТАНАЙ. 20 тамыз. ҚазАқпарат - Қостанай облысында 75 гектар астық алқабы өртеніп кетті.

Қостанай облысында бидай егістігі өртеніп кетті

Облыстық төтенше жағдайлар бойынша департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, бұл оқиға жексенбі, 19 тамыз күні түстен кейін Меңдіқара ауданының Буденновск кентінде орын алды. Егістік жерлер «Иволга-Холдинг» компаниясының иелігінде болды.

Өртті сөндіруге 21 адам мен арнайы 7 техника бірлігі жұмылдырылды. Тобыл орман шаруашылығы қызметкерлерінің күшімен өрт сағат 18:30-да ауыздықталып, 19:20-да толық жойылды. Қаза тапқандар жоқ, келтірілген шығын анықталуда.