Қостанай облысында бір тәулікте 26 мас жүргізуші ұсталды
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында бір тәуліктің ішінде 26 мас жүргізуші көлік жүргізуден шеттетілді, деп хабарлады Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінен.
Мас жүргізушілерді анықтау бойынша полицияның рейдтік шаралары «Мас жүргізуші-қылмыскер» үш күндік алдын алу операциясы (6-8 қараша аралығында) аясында өткізілді.
«Шараның бірінші күнінде 3010-нан астам жолда жүру ережесінің бұзылуы фактісі анықталды, - деді ІІД өкілі Әділбек Нұрмахин. - Көлікті мас күйінде басқарған 26 жүргізушіден басқа, 66 адам жылдамдықты асырғаны үшін, 53-і - қауіпсіздік белбеуін тақпағаны үшін, 23-і - ұялы телефон арқылы сөйлескені үшін жауапкершілікке тартылды. Жолда жүру ережесін бұзған 30 жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды».