Қостанай облысында егіс алқаптарының көлемі артады

ҚОСТАНАЙ. Наурыздың 25-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Биылғы көктемде Қостанай облысында астық және астық-бұршақ тұқымдас дақылдар 4 млн. 267 мың гектар алқапқа орналастырылады, бұл өткен жылғыдан 107,9 мың гектарға көп,

Қостанай  облысында  егіс  алқаптарының  көлемі  артады
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің мәліметтеріне қарағанда, жаздық бидайдың жалпы көлемі 3 млн. 952,7 мың гектар ( 2008 жылғыдан 109,0 мың гектар артық) болмақ. Мал азығындық дақылдарға 296 мың гектар, жармалық дақылдарға ? 6,2 мың гектар, бұршақ тұқымдас дақылдарға ? 10,5 мың гектар бөлінеді. 2008 жылмен салыстырғанда, майлы дақылдар көлемі 5,8 мың гектарға ұлғайтылады. Нәтижесінде оның көлемі 81,8 мың гектарға жеткізіледі. Тұқым зертханаларына толық сараптамадан өткізуге 469,3 мың тонна тұқым (қамбада сақталған тұқымның 85 пайызы) толық тексеруге келіп түсті. Талдау нәтижесі бойынша барлық тұқым егуге жарамды деп табылды, соның ішінде 339,2 мың тоннасы (80,4 пайызы) І және ІІ сыныпты сұрыпқа жатқызылды.