12:08, 07 Қаңтар 2009 | GMT +5
Қостанай облысында екі басқарма басшысы ауыстырылды
ҚОСТАНАЙ. Қаңтардың 7-сі. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ – Қостанай облысында екі басқарманың жаңа басшылары өз міндеттеріне кірісті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыс әкімі Сергей Кулагиннің өкімімен Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшылығына Мейрам Өтешов тағайындалды. Бұған дейін ол осы ведомствода бөлім бастығы болып қызмет еткен. Ал Еңбекті және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшылығына Шолпан Жақытова тағайындалып отыр. Мекеменің бұрынғы басшысы Ольша Киколенко өткен жылдың соңында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болған еді.