Қостанай облысында екі қызметкерді жұмыстан босату ұсынысы шығарылды - Тәртіптік кеңес
«Отырыста шешiмдер әзiрлеу мен қабылдау кезiнде заңды және жеке тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсеткен «Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Славян орта мектебі» ММ директоры А.К. Жұмабаеваға, сонымен бірге Қостанай облысы бойынша Ішкі істер департаментінің Таран ауданық Ішкі істер бөліміндегі жол техникалық инспекциясы бөлімнің әкімшілік тәжірибе инспекторы А.К. Жапановқа , сондай-ақ сол бөлімнің жол техникалық инспекциясының мемлекеттік автоинспекторы С.В. Олгаренкоға қатысты ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12-бабы 1-тармағының 4-тармақшасымен қарастырылған сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын тәртіптік істері қаралды», - делінген аталған агенттік мәліметінде.
Талқылау нәтижесі бойынша Тәртіптік кеңес А.К. Жұмабаева мен А.К. Жапановты атқарып отырған қызметiнен босату түріндегі тәртіптік жуапкершілікке тартуды, ал С.В. Олгаренкоға қатысты тәртіптік жауапкершілікке тарту мерзімінің өтіп кетуіне байланысты тәртіптік істі қысқартуды ұсынысы шығарылды.