13:47, 04 Қараша 2017 | GMT +5
Қостанай облысында ер адам танысына пышақ салды
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат - Қостанай облысының Жітіқара ауданында ер адам мас күйінде танысына пышақ салған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл ақпаратты Қостанай облысы прокуратурасының басқарма басшысы Қайрат Жүсіпов растады. 48 жастағы ер адам мас күйінде асхана пышағымен өз танысының кеуде тұсынан ұрған. Бұған дейін тұрғындар арасында келіспеушіліктің болғаны анықталды.
«Жәбірленуші Жітіқара аудандық ауруханасына жеткізілді. Ол ауыр жарақаты салдарынан қайтыс болды», - деді Жүсіпов.
Қасақана кісі өлтірген ер адам ҚР ҚК 99-бабы бойынша айыпталуда. Оған сол күні кісен тағылып, қамауға алынды.