Қостанай облысында қатты аязда 9 адам із-түзсіз жоғалды

ҚОСТАНАЙ.  Желтоқсанның   20-сы.  ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Құтқару  қызметтері мен полиция    органдары Қостанай  облысында   ауа райы күрт бұзылған күннен бастап,   желтоқсанның 15-інен  бері    жоғалған адамдарды іздеумен     айналысуда.
None
None

Бүгінгі  таңда   олардың  алтауы  дін аман  табылды,  біреуінің - өлі  денесі табылды.   Тағы екі адам  әлі   іздестірілуде.    Бұл туралы    облыстық ішкі істер департаментінің  жедел басқару  орталығының бастығы  Павел Баксараев    хабарлады.

Желтоқсанның 16-сында Рудныйдан Меңдіқара ауданына  Ұзынағаш  ауылының  төрт  тұрғыны  жолға   шыққан.   Жолда, Төлеңгіт ауылының тұсында,  олардың көліктері сынып қалады.  Көмек іздеуге аттанған  екеу     осы уақытқа  дейін табылмай  отыр.   Ішінде екі адамы  бар  жолдағы  көлікті     құтқару  қызметі   іздеп тапты.

Сол күні Шұңқыркөл ауылынан  Глебовка кентіне     трактормен  аттанған    жылқышы  екі күннен кейін аман-есен, табынмен бірге    табылды.    

Ал   желтоқсанның  15-інде     Қостанай  ауданының Половниковка  селосынан  Таран ауданындағы  Покровка   селосына   иесіз  ғимаратты   бұзуға  алты адамнан   тұратын жұмысшылар  бригадасы аттанған.   Олар  жолға жеңіл көлікпен және тіркемесі  бар трактормен  шыққан.    Жолда   трактордың    отыны  қатып    қалады да, адамдар  елді-мекенге жеңіл көлікпен   жетпек  болады, бірақ жарты жолда ол да сынып қалады.   Екі адам көмекке аттанады.  Олардың  біреуін сол  күні кешке   аймақтық  құтқару отрядының  жасақтары   іздеп табады.  Ауруханада келесі  күні есін жиған  ол,  есінен  танып қалған  серігін    көлдің  жағасындағы   күркеде  қалдырғанын    хабарлайды.  Ол адамның    өлі  денесі  табылып  отыр.

Желтоқсанның 15-інде   Қостанай  облысында   қатты боран басталды.  Қостанай   гидрометеоорталығының   инженер-синоптигі    Ирина Жиляеваның ақпараты  бойынша,    бір тәулікте бір  айдың  нормасы  жауған.    Содан кейін   40  градустық  аяз   келген. Қатты  аяз      аймақта  әлі сақталуда.

Соңғы жаңалықтар