12:38, 28 Сәуір 2014 | GMT +5
Қостанай облысында қазақтың ақбас бұқаларын сатудан аукцион өткізіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылдың 5 мамырында Қостанай облысы Жітіқара ауданы, Приречное ауылында асыл тұқымды қазақтың ақбас ірі қара малдарын сатудан аукцион өткізіледі, деп хабарлайды «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ баспасөз қызметі.
Қазақстандық мал шаруашылығы қожалықтарына жоғары өнімді сапалары бар қазақтың ақбасты асыл тұқымды бұқалары ұсынылады. Саудаға 55 бас - «Элита», «Элита рекорд» өндірушілері қойылады. Бұқалар дала жайылымдары жағдайына бейімделген, мықты дене құрылымы мен тез жетілу, сонымен қатар жақсы тұқымдану қабілетімен ерекшеленеді.
Мамандардың айтуынша аукционға ұсынылған ІҚМ жеке өнімділігі бойынша ет тұқымды бұқаларды Бағалау станциясында ультрадыбысты сканерлеу арқылы бағаланды. Аукцион барысында шара қатысушылары бүгінгі күні мал шаруашылығында қолданылатын технологиялық жаңалықтармен танысады, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары көрмесін тамашалап, республиканың басқа өңірлерінен келген әріптестерімен қызметтік кездесулер өткізеді.