12:05, 04 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Қостанай облысында көлік қозғалысы жанданды
АСТАНА. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қостанай облысында көлік қозғалысы жанданды. Бүл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметі мәлім етті.

Атап айтқанда, кеше сағат 21.00-ден бері көктайғақ салдарынан Қостанай облысы аумағындағы барлық бағытта қоғамдық автокөлік түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылған болатын. Бүгін сағат 12:00-ден бастап аталған көлік түрлері үшін жол ашылды.