Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қостанай облысында колледждің бас бухгалтері ақша ұрлағаны үшін сотқа тартылуда

ҚОСТАНАЙ. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жітіқара политехникалық колледжінің бас бухгалтері бір миллионнан астам теңгені жымқырды деген айыппен сотқа тартылды.

Қостанай облысында колледждің бас бухгалтері ақша ұрлағаны үшін сотқа тартылуда

Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі айыпталушы ҚР ҚК 176-бабы 3-бөлімі "б,г"-тармағы және 314-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа тартылды деп хабарлайды. Ол қызметтік жағдайын пайдаланып, ресми құжаттарға жалған ақпараттар енгізіп, өзіне сеніп тапсырылған бюджет қаражаттарын жымқырған деп саналады. Бас бухгалтердің іс-әрекеті мемлекетке маңызды материалдық залал келтірген. Іс тергеумен аяқталып, сотқа түсті.

Соттың істі қарауы 26 желтоқсанға белгіленгенді.