Қостанай облысында көппәтерлі үйде болған өрт бір әйелдің өмірін қиып кетті
АСТАНА. 30 қаңтар. ҚазАқпарат - 29 қаңтарда сағат 02-ден 11 минут кеткенде Қостанай облысының Затобольск кентінде көппәтерлі үйдің бір пәтері отқа оранды.
Өрт екі сағаттан кейін сөндірілді, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.
Жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Қостанай облысының ТЖД 7 адамнан тұратын жеке құрамы мен өрт сөндіру қызметінің 2 техникасы жұмылдырылды. Өрт салдарынан 41 жастағы әйел қаза тапты.