Қостанай облысында көші-қон заңнамасын бұзған 70 шетелдік жауапкершілікке тартылды

ҚОСТАНАЙ. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Қостанай облысында «Заңсыз келуші» операциясының барысында ҚР аумағында жүру ережесін бұзған 70 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың жартысынан көбі (39 адам) әкімшілік қамауға
None
None

алынды. Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарланды. 

Сонымен қатар, халықты тіркеу және құжаттандыру ережесін бұзғаны үшін ҚР-ның 137 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шетел азаматтарын заңсыз жұмысқа тарту бойынша 4 факті анықталды. 

Федор ауданында көші-қон полициясының және ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес департаментінің қызметкерлері бірігіп Ресей Федерациясының азаматын ұстады. 42 жастағы ер адам ҚР-нан аластату жөнінде (15 сәуірде шығарылған) Федор ауданы сотының шешімін іске асырмаған. Қылмыстық іс қозғалды. 

Полицияның «Заңсыз келуші» шарасы 20 мамырға дейін жалағасады.

Соңғы жаңалықтар