Қостанай облысында қылмыстық-атқару жүйесі мен ішкі әскер бөлімшелерінің арнайы жаттығуы өтеді
АСТАНА. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Бүгін Қостанай облысында қоныс аудару-колониясының базасында қылмыстық-атқару жүйесінің бөлімшелері Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскер комитетімен бірлесіп жаттығу өткізеді, деп хабарлады Комитеттің баспасөз қызметінен.
Шараның негізгі мақсаты - түзету мекемелері мен әскери бөлімшелердің жеке құрамдарының төтенше оқиғаларға жауынгерлік дайындықтарын тексеру болып табылады.
Арнайы жаттығуға ішкі әскер қолбасшылығы мен бөлімшелері, Қостанай облысында орналасқан қылмыстық-атқару жүйесінің басшылығы мен жеке құрамы, аймақтың ішкі істер органдарының өкілдері қатысады.