Қостанай облысында медицина мамандары тапшы - аймақ басшысы

«Бүгінде облысымызда орташа есеппен 450 маман тапшылығы бар. Негізгі бағыттар: білім беру мен денсаулық сақтау саласы. 450 маманның 45 пайызы медицина саласына тиесілі. Денсаулық сақтау саласына 450 маманның 44 пайызы тиесілі. Өйткені, облысымызда медицина мамандарын дайындайтын жоғарғы оқу орны жоқ. Колледж бар. Бірақ, соған қарамастан, тиісті шараларды қолға алып жатырмыз. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2009 жылы басталған болатын. Осы бағдарлама аясында 4 мыңға жуық кадрлар ауылға барған. Бұл 4 мың жастардың 70 пайызы білім беру саласында жұмысқа орналасса, небары 17 пайызы денсаулық сақтау саласына келген», - деп хабарлады әкім.
Әкімнің айтуынша, осы жастарға үй алу үшін несие, кейбіреуіне бір реттік көтермеақы берілген. «Келген мамандарға қолдау көрсету бойынша барлық деңгейдегі әкімдерге тапсырма берілді», - деп атап өтті әкім.