Қостанай облысында санаққа 4 000 адам тартылған

ҚОСТАНАЙ. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ – Қостанай облысында халық санағы бойынша іс-шараға 4 000 адам – нұсқаушы-бақылаушылар, есепшілер, санақ бөлімінің меңгерушілері тартылады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Облыстық статистика департаменті әлеуметтік және демографиялық статистика бөлімінің бастығы Татьяна Крохинаның айтуынша, барлығы 93 санақ бөлімі, 752 нұсқаулық және 3 009 есеп учаскесі ұйымдастырылған.Есепші қызметкерлерге деген проблемалар жоқ: еңбекпен қамту орталықтары жолдаған адамдар, студенттер, ауыл шаруашылығының санағына қатысушылар, тіркеушілер есепшілер болады. Халықты алдын-ала аралау ақпанның 16-сында басталады ? осы уақыт ішінде есепшілер алдын-ала құжаттарды даярлап үлгерулері тиіс. Қазақстандағы санақ науқаны ақпанның 25-і мен наурыздың 6-сы аралығында өтеді.
Соңғы жаңалықтар