Қостанай облысында соттағы әйел өлімі үшін күзетшіні жазалайды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Прокуратура сотқа мамандандырылған күзет қызметі басқармасы қызметкерлерінің жұмысқа салғырттығы туралы қылмыстық істі жіберді.
None
None

Ол келушілерді дұрыс тексермегендіктен, кісі өлімі орын алды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұдан бұрын хабарлағандай, 28 ақпанда Амангелді аудандық соты ғимаратында, сот отырысы залында неке бұзу үдерісіне келген  Амангелді ауданының тұрғыны өз жұбайын өлтірді. Ол бүктемелі пышақпен әйелін бірнеше жерден пышақтаған, салдарынан ол қайтыс болды.

 «Амангелді аудандық соты облыстың мемлекеттік күзет қызметіне жататын нысан болғаны ескеріліп, Қостанай облыстық мамандандырылған прокуратурасы  полиция қызметкеріне қарсы сот алды тергеуді бастады, делінген Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарламасында. - Оған ҚР ҚК 371-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша айып тағылды.

Тергеу «2017 жылғы 28 ақпанда полиция қызметкері сотта кезекшілікте өткізу режімінің тиісті деңгейін қамтамасыз етуге міндетті тұлға бола тұра, нормативтік-құқықтық акт талаптарын бұзып, сотқа келушілерді тиісті деңгейде тексермеген. Салдарынан келуші сот ғимаратына пышақ  алып кіріп, арты қасақана кісі өлтірумен аяқталды», - деп атап өтіледі ведомство баспасөз қызметінде.

Тергеу 14 наурызда аяқталды. Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберілді.

Соңғы жаңалықтар