Қостанай облысында жолда қалған автомашинаның 5 жолаушысы құтқарылды

АСТАНА. 5 қаңтар. ҚазАқпарат - Қостанай облысында «Әулиекөл-Жолдама» автожолында 5 жолаушы (соның ішінде 1 бала) мінген жеңіл машина сынып, жолда қалды.

Қостанай облысында жолда қалған автомашинаның 5 жолаушысы құтқарылды

Әулиекөл ТЖБ күшімен (5 адам және 1 бірлік техника) автомашина жетекке алынып, жолаушыларымен Әулиекөл ауылына жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ.