Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қостанай облысындағы құрылыс нысандары толық аяқталатын болады - облыс әкімі

ҚОСТАНАЙ. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагин маңызды нысандар құрылысының тоқтатылмайтындығын мәлімдеді,

Қостанай облысындағы құрылыс нысандары толық аяқталатын болады - облыс әкімі
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Аймақ басшысы Қостанайдағы «Наурыз» шағынауданының құрылыс нысанын және Рудныйдағы әлеуметтік және өндірістік нысандарды аралады.Қостанайдағы жаңа «Наурыз» шағынауданында 140 орындық балабақша, 42 және 104 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Құрылыс алаңында болған әкім, жауапты адамдарға жұмысты жандандыра түсуді, шағынауданды қазіргі талаптарға сай демалыс орындары, спорт алаңдары, автотұрақпен қамтамасыз етуді тапсырды. «Наурыз» шағынауданы абаттандыруда бүкіл қалаға үлгі болуы тиіс, ? деді С.Кулагин.Рудный қаласында «Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты» өндірістік бірлестігі» АҚ басшысы облыс әкімін бірлестікте «Жылу электр орталығын кеңейту» және «Металл прокаттау зауыты құрылысы» жобаларының жүзеге асырылу барысы туралы айтып берді. Тапсырыс берушілердің айтуынша, барлық құрастыру жұмыстары кестеге сай жүргізілуде, қажетті жабдықтар мен материалдар да дер кезінде жеткізіледі. Тағы бір рудныйлық инвестициялық - «200 төсекке арналған қалалық көп салалы балалар ауруханасының құрылысы» - аталатын жаңа жоба да келешекте әлеуметтік-экономикалық пайдамен қатар, қосымша жұмыс орындарының ашылуын қамтамасыз етеді.