Қостанай облысының әкімдігі тұрғындарды қабылдауды тоқтатты

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының әкімдігі азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдауды уақытша тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Елде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты және азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 2020 жылғы 15 сәуірге дейін Қостанай облысы әкімінің, оның орынбасарларының және облыс әкімі аппараты басшысының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауы тоқтатылды», - деді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Саят Жүсіпов.

Алайда тұрғындар облыс басшылығының атына жазған өтініштерін ҚР Электрондық Үкіметі (ЭЦҚ болған жағдайда) порталына жібереді немесе мына байланыс телефондары бойынша хабарласа алады: 575-084, 575-057.


Соңғы жаңалықтар