Қостанай облысының әкімі аймақтың оңтүстік аудандарында болды

ҚОСТАНАЙ. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагин облыстың оңтүстік аудандарында болып, ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен, еңбек ұжымдарымен, педагогтермен және оқушылармен кездесті.
None
None

Әкім аймақтың күзгі-қысқы маусымына әзірлігінің, егін жинау жұмыстарының барысына назар аударды, инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуымен танысты.

«Әліби-Сенім» және «Бірлік және К» жауапкершіліктері шектеулі серіктестіктерінде биыл дәнді дақылдар түсімі жоспарлағаннан гөрі гектарынан 7-8 центнер жоғары болып шықты. Шаруалар - қуатты «John Deer», «CASE», «Vector», «Bulzer» маркалы ауыл шаруашылығы техникаларын пайдалануда.  

Облыс басшысы Арқалық қаласының «Агроинтерқұс» ЖШС-ында, спорт кешенінде, Арқалық мемлекеттік пединститутында және аймақтық ауруханасында болды. Осы медицина мекемесін жөндеуге биыл республикалық бюджеттен 40 млн. теңге бөлініп отыр. Ал «Агроинтерқұс» ЖШС басшылары құс санын 225 мыңға дейін көбейткелі отырғандарын айтты. Серіктестіктің зауыты толық іске қосылғанда мұнда жыл сайын 4 мыңнан 6 мың тоннаға дейін құс еті мен 65 млн. дана жұмыртқа өндірілмек.

Соңғы жаңалықтар