11:36, 14 Қаңтар 2009 | GMT +5
Қостанай облысының КТК командасы Сочи фестиваліне қатысуда
ҚОСТАНАЙ. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ – Ресейдің Сочи қаласында Көңілділер мен тапқырлар клубы командаларының «КиВиН-2009» жиырмасыншы халықаралық фестивалі басталды.
Бұл шараға Қостанай облысының құрама командасы да қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қостанай командасы Клубтың Урал лигасына кіреді және былтыр да команда осы фестивальге қатысқан болатын. Биылғы форум ТМД елдерінен 744 команда жинап отыр. Ұйымдастырушылардың ақпараты бойынша, командалардың конкурстық байқауы үш кезеңде өтеді. Бірінші турға ойынға қатысуға келген барлық команда қатысады, екінші кезеңге 70 команда өтеді (іріктеу шарасы Клуб президенті А.Масляковтың төрағалығымен өтеді). Ал үшінші кезеңде гала-концертке қатысатын командалар анықталады. Соның қорытындысы бойынша жоғарғы лига мен премьер-лиганың, бірінші лига мен аймақаралық лигалардың құрамдары жарияланады.