Қостанай облысының мектебі 14 миллион теңгенің грантын жеңіп алды
ҚОСТАНАЙ. 18 тамыз. ҚазАқпарат - Қостанай облысына қарасты Алтынсарин ауданының Докучаев орта мектебі «Үздік білім мекемесі» бойынша байқаудың жеңімпазы атанды.
93 мың доллардың (шамамен 14 миллион теңге) сертификатын Докучаев орта мектебінің директоры Сүлеймен Мырзатаевқа Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың қатысуымен өткен педагогикалық кеңес кезінде табыстады.
Мектеп басшылығы грант қаражатын шағын автобус, судағы шатырлы лагерьді ұйымдастыруға арналған жабдықтар, интерактивтік тақта сатып алуға, кабинеттердегі жиһаздарды толық ауыстыруға, компьютерлік сынып жасақтауға жұмсамақ.
С.Мырзатаевтың айтуынша, оның мектебі - «шығармашылық, бұл өлкетану және тұлғаның өз ойын білдіру мектебі». Докучаев ОМ - сәндік-қолданбалы өнер бойынша халықаралық байқаудың, экологиялық білім беру бойынша балалардың бизнес жобасы байқауының лауреаты. Онда жаңа білім беру жобаларын енгізу бойынша облыстық тәжірибелік алаң жұмыс істеуде.