Қостанай облысының полицейлері өткен демалыста табельді қаруды екі рет қолдануға мәжбүр болды

ҚОСТАНАЙ. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Қостанай облысында полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіптің бұзушылығын тоқтату мақсатында табельді қаруды екі рет қолданды.
None
None

ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, орын алған оқиғалардың бірінде Жітіқара қаласында оқ тиген 3 адам ауруханаға жеткізілді, тағы да 2 полиция қызметкері зардап шекті.

 ІІД-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламасына сәйкес, 6 мамырда Жітіқарада полиция қызметкерлері топтық төбелеске араласуға мәжбүр болды. Бұзақылар полиция патрулін көре салысымен, қызметкердің біреуіне шабуыл жасап, табельді қаруын тартып алмақ болғандығы хабарланды. Қақтығыс барысында полицейдің бірі бас сүйек ми зақымын және дене жарақатын алса, аздаған жарақат алған екіншісіне медициналық көмек көрсетілді. Бұзақыларды шұғыл жеткен 2-ші полиция тобы қолға түсірді.

 Сондай-ақ Мендіқара ауданының Боровское ауданы орталығында 7 мамырға қараған түні дәмхананың жанында төбелес шықты. Жанжал  ауаға қарата атылған 3 оқпен тоқтатылды.

 ІІД Кадр жұмысы басқармасының жеке құрам бойынша инспекция басқармасының басшысы Амантай Жүнісовтың сөзіне қарағанда, бұл полиция қызметкерлерінің қару қолдану бойынша биыл орын алған бірінші оқиға. «Өткен жылы қару екі рет қолданылды және ол заңды болып табылды», - деді А. Жүнісов.

Соңғы жаңалықтар