Қостанай облысының үш ауданында 57 тонна астық ұрланды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының үш ауданында 57 тонна астық ұрланды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінде мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

 30 тамыз күні Наурызым ауданының бір ЖШС-інде 35 тонна астықтың жетпегені белгілі болады. Серіктестік басшысы бірден полицияға жүгінеді.

«Тәртіп сақшыларының із кесу шаралары бойынша, ұйымның 27 жастағы механизаторы мен 42 жастағы күзетші-бақылаушысының 35 тонна бидай ұрлағаны анықталды. Келтірілген залал құны - 2 миллион теңге. Ұрланған астық ЖШС басшысына қайтарылды, ұрлық ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр» - делінген ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Дәл осындай қылмыс Қамысты ауданында болды. Полицейлер 29 тамыз күні  34 жастағы КамАЗ жүргізушісін тоқтатады. Оның тіркемесіне 18 тонна бидай тиеліпті. Кейін анықталғандай, астық жақын маңдағы бір кәсіпорыннан ұрланған. Шығын құны - 900 мың теңге. Сондай-ақ, бұл ұрлыққа ЖШС төрт механизатордың қатысы болғаны анықталды. Олар да қамауда отыр. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жалғасуда.

Қарабалық аудананының Белоглинов елді мекенінде де заңбұзушылық ісі тіркелді. Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру шаралары барысында бір ұйымның 21 жастағы көлік жүргізушісінің 3,8 тонна астық «арқалағаны» белгілі болды. Бұл факті бойынша да сотқа дейінгі тергеу жүргізілмек.

Батыр Жолайұлы

Соңғы жаңалықтар