Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қостанай өрт сөндірушілері арнайы машиналарда жылдам маневр жасаудан жарысты

ҚОСТАНАЙ. Шілденің 31-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Жұма күні Қостанайда өрт сөндіру машиналарының жүргізушілеріне арналған жылдам маневр жасаудан жарыс болып өтті.

Қостанай өрт сөндірушілері арнайы машиналарда жылдам маневр жасаудан жарысты

Қостанай облыстық өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің өкілі Зәмзәгүл Айдарбекқызының ақпараты бойынша, қып-қызыл жалын түсті жүк машиналарының жылдам маневр жасау сайысы бұрынғы «Энергетик» стадионында өтті. Жарысқа Қостанай облысындағы өрт сөндіру бөлімшелерінің және жекелеген өрт сөндіру бекеттерініңбарлық жүргізушілері қатысты. Олардың алдына мынадай: «Шеңбер», «Шұңқыр», «Бокс», «Ирелең жоқ», «Тоннелді қақпа», «Көбіктер», «Ашық су көзі» сияқты кедергілердің түрлерінен өту сынағы қойылды.

«Жеңімпаздар үздік жүргізуші атағына және бағалы сыйлықтарға ие болды», - деп хабарлады З.Айдарбекқызы.