Қостанай орталығында жолаушылар автобусы үш адамды қағып кетті

Жол-көлік апаты 21 қараша күні кеше болған. №8 бағытта жүретін «Man» маркалы автобустың 24 жастағы жүргізушісі көктайғақ болған соң бағдаршамның тоқтау туралы белгі беретін түсіне өтіп кетеді. Сол кезде үш студент қыз жолдан өтіп бара жатқан. Зардап шеккендердің біреуін автобус тоқтағанша бірнеше метрге сүйреп кеткен. Ал қалған екі қыз автобус соққысынан жолдың шетіне ұшып кеткен.
Жол апатының салдарынан 15 жастағы студент қыз ауыр жарақат алып, облыстық аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілді. Ал жараланып, кейбір жерлері сынған 16 жастағы қыз бала ауруханағаның нейрохирургия бөліміне жатқызылды. Үшінші қыз ем қабылдаған соң үйіне шығарылды.
ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, қосымша тергеу жүгізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданады. Жүргізуші ешқайда шықпау туралы қолхат жазып берді.