Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қостанай полицейлері бір күнде 550-ден астам құқық бұзушылықтарды тіркеді

ҚОСТАНАЙ. 10 тамыз. ҚазАқпарат - Қостанайда 10 тамызға дейін жалғасатын «Көше» атты жедел-алдын алу шарасының бірінші күнінде полицейлер 550-ден астам құқық бұзушылықтарды анықтады.

Қостанай полицейлері бір күнде 550-ден астам құқық бұзушылықтарды тіркеді

Қостанай облыстық ІІД бастығының орынбасары Ерлан Файзуллиннің хабарлауынша, қызметті жүргізудің күшейтілген нұсқасының арқасында облыста 575 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Ізі суымай бес қылмыстың беті ашылды. Жедел әрекет ету арнайы жасағы мен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері заңсыз сақталған суық қаруды анықтау бойынша жұмыс жүргізді. Рудный қаласында осындай екі құқық бұзушылық анықталды.

«Көше» операциясының негізгі міндеті - қоғамдық орындар мен көшелерде жасалатын қылмыстардың алдын алу. Әкімшілік полиция аталған қылмыстарды болдырмауға міндетті. Біз есірткі, қарудың заңсыз айналымнан шығарумен айналысуды жалғастыруымыз керек. Сондай-ақ қызметкерлеріміздің алдында кәмелеттік жасқа жетпегендерді қылмыстық қызметке кіргізу фактілерінің алдын алу міндеті тұр», - деп түсіндірді Е.Файзуллин.