Қостанай прокуратурасы 2,7 мың тұрғынның конституциялық құқығын қорғады

ҚОСТАНАЙ. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - Қостанай прокуроры Әділхан Ерекешев мәлім еткендей, 2012 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша қадағалау органы 2 мың 717 азаматтың констуциялық құқығын қорғай алды.

Қостанай прокуратурасы 2,7 мың тұрғынның конституциялық құқығын қорғады

Өткен жылы әлеуметтік-экономикалық саладағы қадағалау желісі бойынша жүргізілген тексерудің нәтижесінде 5,5 мыңнан астам заңбұзушылық анықталды, деп атап өтті прокурор.

Прокуратурамен қабылданған шаралардың нәтижесінде мемлекет кірісіне 284,6 млн.-нан астам теңге өтелді, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 8 пайызға артық.

Қостанай прокуроры ішкі істер органының 62 қызметкері жауапкершілікке тартылған жұмыстың нәтижесі туралы да баяндады.

А. Ерекешев «Біздің болашағамыз - балаларда» жобасының іске асырылуына тоқталды. Оның аясында Қостанай прокуратурасының актілері бойынша 173 млн.-нан астам теңге сомасында алименттер берешегі төленді. Сонымен қатар алаяқтық үшін сотталған сотталушылардан ірі сомада қаражаттар өндіріп алынды (сотталушы Елшібаевтан мемлекеттің пайдасына 99,4 млн. теңге, Құшанов пен Шілдебаевтан екі банктің пайдасына жалпы сомада 215,9 млн. теңге алынды).

Қостанай прокуроры 2012 жылғы жұмыстың қорытындысына арналған баспасөз мәслихатының барысында журналистердің көптеген сұрақтарына жауап берді.