Қостанай сотына синтетикалық есірткіні анықтайтын 40 млн. теңгенің құрылғысы сатып алынды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облыстық сотының сараптама институтында синтетикалық есірткі заттарын саралағыш (анализаторы) орнатылды. Институт директоры Талғат Сауытбаевтың сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта мекеме мамандары аталған қондырғымен жұмыс істеу бойынша арнайы курстан өтуде.

Қостанай сотына синтетикалық есірткіні анықтайтын 40 млн. теңгенің құрылғысы сатып алынды

40 млн. теңгенің заманауи жабдығы республикалық бюджеттің қаражатына алынды. Енді қостанайлық сарапшылар синтетикалық есірткі үлгілерін сараптамадан өткізу үшін өзге облыстарға жөнелтпей-ақ, өз жұмыстарын өздері атқара алатын болды.

Осылайша, тергеу амалдарын өткізуге кедергі келтірген мәселенің түйіні тарқатылуда. Т.Сауытбаевтың сөзіне қарағанда, ағымдағы жылы ғана сот сараптама институтына құрамында синтетикалық есірткінің болуы не болмауын анықтау үшін 300 материал келіп түскен.