Қостанай тұрғыны заңсыз есірткі затын сақтағаны және сатқаны үшін 11 жылға сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 1969 ж.т. Л.Штабнаяға қатысты сот үкімін шығарды.
None
None

Іс материалдары бойынша, Штабная тергеумен анықталмаған тұлғадан салмағы 4,07 грамм болатын героинді 14 000 теңгеге сатып алған. Кейін оның пәтерін тінту кезінде кілем астынан 183,64 грамм героин табылған.

Сонымен қатар, 4 шілдеде Штабная 5,09 грамм марихуананы өзі пайдалану үшін сатып алған.

Сот. Л.Штабнаяны есiрткi заттарын заңсыз өткізу бойынша қылмыстық істі жасауда кінәлі деп танып, оған қатаң тәртіптегі түзету колониясында 11 жыл бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасын тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, деп хабарлайды Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар