Қостанайда 18 шетел азаматы адам саудасының құрбаны болған

 ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысы ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері шетел азаматтарының еңбегін заңсыз пайдаланған кәсіпкерді қамауға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер жеке кәсіпкердің қол астында 18 шетел азаматының сәуір айынан бастап жұмыс істеп жатқанын анықтады. Кейін белгілі болғандай, кәсіпкер оларды қорқытып ұстап, ауыр жұмыстарға салған.

«36 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны Өзбекстан азаматтарының еңбегін заңсыз пайдаланған.  Жәбірленушілердің қашып кетуге мүмкіндігі болмады. Себебі, айыпталушы олардың жеке құжаттарын тартып алған. Осы уақыт аралығында Өзбекстан азаматтарына еңбекақы бермей келген. Бұл факт бойынша ҚР ҚК 128-бабы, 2-бөлімімен («Адам саудасы») сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - делінген ІІД баспасөз хабарламасында.

Кәсіпкердің қылмысы әшкере болса, ол 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ, жеке мүлкі тәркіленеді.

Полицейлердің айтуынша, Өзбекстан азаматтары көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Өйткені, олар адам саудасының құрбандары деп танылды және полицейлер мен қоғамдық ұйымдардың қорғауында болады.

Соңғы жаңалықтар