Қостанайда 2009 жылға арналған «Жол картасы» бағдарламасының іске асырылу қорытындылары шығарылды

ҚОСТАНАЙ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай облысындағы «Жол картасы» бағдарламасын құраған 2009 жылғы 139 инвестициялық жобалардың барлығы аяқталды. Бұл туралы ақпарат Қостанай облысы әкімінің ресми сайтында таратылды.

Қостанайда 2009 жылға арналған «Жол картасы» бағдарламасының іске асырылу қорытындылары шығарылды

Атап айтқанда, инвестициялық бағыттарды іске асыруға - 6,4 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджет есебінен - 5,2 млрд. теңге, жергілікті бюжеттен 1,2 млрд. теңге бөлінді.

2009 жылдың қорытындысы бойынша, 6 392,5 млн. теңге (жылдық жоспардың 99,1 пайызы) игерілді. 139 инвестициялық жобаларды іске асыру барысында 10 216 жұмыс орны құрылды (жоспардың 100 пайызы). Еңбекпен қамту органдары жолдамасы бойынша 4 201 адам жұмысқа орналасты.